Атырау облысы,Мақат ауданы
Мақат поселкесі
Х.Санбаев атындағы орта мектебі
Шағын топ тәрбиешісі:Габдуллина Толғанай
Білім саласы:Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Мүсіндеу.
Тақырыбы:Күз сыйы.
Мақсаты:Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.
Білімділігі:Олардың талабын арттыра отырып,көкөністер мен жемістерді ажырата
білуге баулу.
Дамытушылығы:Мүсіндеу әдістерін пысықтау,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі:Ермексаздың түсіне қарай еркін қолдану арқылы көкөніс жемістердің мүсінін
жасауды үйрету,және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Күздің көрінісі ,жеміс пен көкөністердің суреттері мукляждар.
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру көрсету,сұрақ-жауап,сергіту сәті,қорытындылау.
Оқу іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің іс-әрекеті. | Балалардың іс-әрекеті. |
Мотивациялық қозғаушылық. |
-Балалар бізге
қонаққа апайлар келіп отыр.Біз осы келген қонақтармен амандасып алайық. Шаттық шеңбері: Күннің көзі ашылды, Көкке шуақ шашылды, Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті, Ал қанекей бәріміз Сәлем дейік үлкенге. -Сәлематсыздарма апайлар. Енді балалар оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын осы келіп отырған қонақтарға қуанышымызды білдірейік. -Бізбен бірге бар әлем, Қуанады балаша. Қуанышқа бөленген, Өмір қандай тамаша. |
Балалар шаттық
шеңбері арқылы апайлармен амандасады. Балалар өлең жолдарын қайталайды. |
Мен үздік оқушымын
Смағзам Беклан