Аймағамбетовтың айтуынша, ҰБТ-ға кіргенде де мұғалімдерді аттестациялаудағы әдістер қолданылады. Яғни, олардың аттестациясын электронды форматқа енгізеді. БҒМ кіреберістегі тексеру процедурасынан бас тартқан. Бірақ оның орнына әр педагогтың алдына камера орнатылады.
«Біз осы тәжірибені орындаудамыз және ҰБТ бойынша да орындаймыз», — деді ведомство басшысы.
Сонымен, биылғы алғашқы тестілеуде мектеп оқушысын тексеру кезінде ұялы телефон табылғандарды ҰБТ-ға кіргізбеу тәжірибесі қолданылған.
«Сенің алдауға тырысып жатқан фактіңнің өзі, сені осы тестілеуге кіргізуге рұқсат бермеуімізден хабар береді. Маусымда да өте қатаң жұмыс істейтін боламыз. Алдап, әділеттілік танытпау — бізге мұндайды кешіруге болмайды», — деді ол.
Аймағамбетовтың сөзінше, мұндай шаралар ЖОО-да сапалы кадрлар жасау ниетімен жасалуда.
«Бүгін алдау жолымен маңызды емтихан тапсыруға тырысқан адам қандай маман болады?», — деп сауал қойды ол.
Министрдің хабарлауынша, ҰБТ тапсыруға кіргізу процедурасы жыл сайын күшейіп келеді және оның нақты нәтижелері бар. Егер өткен жылы ҰБТ тапсыруға ниет білдіргендердің 60 пайызынан тыйым салынған заттар анықталса, бүгінде ол көрсеткіш 5 пайызға төмендеген.
Айта кетсек, жаңа ережелер қолданылған ақылы тестілеудің алғашқысы қаңтарда өтті. Келесісі наурыз айында болмақ. Ал маусымда тегін тестілеу өтіп, соның нәтижесі бойынша мемлекеттік гранттар беріледі.
Еске сала кетсек, бұған дейін Асхат Аймағамбетов елімізде диссертация қорғау талаптары күшейтілетінін мәлімдеген еді.