IBF және IBO бойынша әлем чемпионы GGG поляк Камил Шереметамен күш сынасатыны белгілі болды.
37 жастағы Головкин мен 30 жастағы Шереметаның жекпе-жегі Чикаго қаласында 28 наурық күні өтеді деп жоспарланған.
Естеріңізге салайық, Головкин келесі жекпе-жегіне қызу дайындықты бастап кеткені айтылған еді. Соңғы ақпараттарға сәйкес сайыс сәуір не мамыр айына шегерілуі де мүмкін екен.