«Тарихи шайқас» интеллектуалдық-тарихи ойын

«Тарихи  шайқас» интеллектуалдық-тарихи ойын

    «Тарихи  шайқас» интеллектуалдық-тарихи ойын

Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың тарих сабағынан алған білімдері бойынша қайталау арқылы жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.

Тәрбиелілік: оқушыларды туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім деңгейін байқауға, тез ойлауға, есте сақтауға, өз ойын жан — жақты толық жеткізе білуге, қосымша іздену, өз ойын мәдениетті түрде қалыптастыру

. ІІ. Жүргізуші сөзі:

— Армысыздар, қадірменді оқушылар! — Армысыздар, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар! Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген жүрек тебірентіп шаттық скезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихы, шежіресін білу – әрбір ұрпақтың азаматтық борышы. « Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» тақырыбы аясында өтетін « тарихи шайқас» атты  интеллектуалды тарихи танымдық ойынын бастауға рұқсат етіңіздер.
Сан ғасырлар тарихынан кешегі, туған жердің шежіресі өседі. Менің елім Қазақстан – Отаным, болашағы бізбен бірге өседі,- деп ХХІ ғасырдың талантты жастары – үш топтың ойыншыларымен таныстырайық:

І топ – «Болашақ» тобы

ІІ топ – «Бәйтерек» тобы

ІІІ топ – «Дарын» тобы

Алдарыңызда өз білімімен, ақыл — ойымен, эрудициясымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары. Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар. (таныстыру)

Сайыс барысы:

І кезең. «Жорға» 

ІІ кезең. «Шындық па, жалған ба?» 

ІІІ кезең. «Тарихи тұлғаны анықта»
ІV кезең . «Таңдау – табыс» 

V кезең  «Конверт сұрақ»

VІ кезең. Ой-толғау

 

І топқа қойылатын  сұрақтар:
1. Ең қадірлі адам (Ана)
2. А. Байтұрсынұлының өмір сүрген жылдары (1873 — 1938)
3. А. Құнанбаевтың шын аты. (Ибрахим)
4. «Қазақ» апталық газетінің редакторын ата. (А. Байтұрсынов).
5. Тұңғыш президентіміз. (Н. Ә. Назарбаев).
6. . Қазақ хандығын құрған кім? (Керей, Жәнібек)
7. Соғыста ерлік көрсеткен адам (Батыр)
8. Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында? (9)
9. «Пайғамбар» сөзі қандай мағына береді?. (Алланың жердегі өкілі)
10. ҚР — сы БҰҰ — ға қашан мүше болды?. (1992 — ші жылы)

ІІ – топқа  берілетін сұрақтар:
1. 1 жылда неше күн бар? (365 күн)
2. Төл тенгеміз қашан айналымға енді? (1993 ж. 15 қараша)
3. Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтің туған жері (Алматы обл. Қарасай батыр \ ауд. Шамалған ауылы)
4. Еліміздің тәуелсіздік алған күн (1991 ж. 16 желтоқсан)
6. Парламенттің төменгі палатасы (Мәжіліс)
7. Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды? (1992 ж. маусым)
8. Қазақ хандығының ХУШ ғ. астанасы (Түркістан)
9. Мұсылманның қасиетті айы, күні, түні. (Рамазан, Жұма, Қыдыр)
10. А. Байтұрсынов кім? (Ағартушы, т. б.)
   ІІІ топқа қойлатын сұрақтар:

  1. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қай жерде? (Түркістан)
    2. ҚР — да қанша облыс бар? (14)
    3. ҚР — ның рәміздерін ата. (Ту, елтаңба, әнұран)
    4. ҚР — ның әнұранын ата. (Ш. Қалдаяқов, Нәжімеденов, Назарбаев)
    5. Абылай ханның лақап аты. (Сабалақ)
    6. Парламент деген не, неше палатадан тұрады? (Заң шығарушы орган, 2 палата)
  2. Алматы қаласы бұрын қалай аталған? (Верный)
    8. Уәлиханов ауданының қазіргі әкімі кім?
  3. Жоңғар мемлекетінің билеушісі (қонтайшы))
  4. «Жеті Жарғы» қай ханның тұсында жазылды? (Тәуке хан)

 

Тақтаға назар аударамыз.  Ойынымыз  2 бөлімнен тұрады. Әр  бөлім 4 кезеңге бөлінеді. Бірінші бөлімнің ерекшелігі: сендер тандау құқығына ие  боласыңдар. Бірінші бөлімде сендер ұяшық таңдайсыңдар. Ол ұяшықтың  әр жағында ұпай саны берілген. Сол ұпайға сәйкес сұрақ оқылады немесе тапсырма беріледі. Дұрыс жауап берсеңдер ұпай сендердің қоржындарына түседі. Екінші бөлімде тандау құқықтарын жоқ, мен берген тапсырмаларды  орындайсыңдар. Ол бойынша ойын барысында түсіндіремін.

Сонымен, алдарыңызда  «Болашақ» және»Бүркіт» топтары. Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз атымен және ұранымен таныстырады).

Сонымен ойынымызды бастаймыз. Алдарыңызда  кесте. Тақырыптар және оған қарама қарсы ұяшықтар берілген. Тандаған кезде тақырып пен санды айту керек. Түйіскен жерін ашқанда, әр жағында ұпай бар екенін байқайсыздар. Ұпайлар;5,10,15,20, 25. Тек 3,4 кезеңдерде өзгеріс болады.

                           Т а қ ы р ы п т а р 1 2 3 4 5 6
Қалалар
Тарихи шайқастар, соғыстар, көтерілістер
Тарихи ескерткіштер
EXPO

«Қалалар»  кезеңінің   сұрақтары:

5 ұпай- Адам басындағы  қыл атымен аталған қала (Шаш-Ташкент)

10 ұпай. Қайырхан қай қаланың билеушісі еді? (Отырар)

10 ұпай. Қызылорданың бұрынғы атауы, Кеңес өкіметі сол қалада бірінші болып орнаған (Перовск)

15 ұпай. Бұл қала 40 жыл ғана өмір сүрген мемлекеттің астанасы болды. «Сығанақ)

20 ұпай. Ресей империясының отарлау саясатын жүзеге асыру мақсатында 1718 жылы Ертіс бойында салынған бекініс (Семей)

25 ұпай. Адам баласының жас кезіндегі атауымен басталатын қала. Кезінде монғолдар оны «момын қала» деп атап кеткен (Баласағұн)

«Шайқастар, соғыстар, көтерілістер» кезеңінің  сұрақтары:

5 ұпай. Барон  Игельстромның есімі қай көтеріліспен байланысты? (С.Датұлының 1783-1797 жж)

10 ұпай. Бұл шайқас Қазақстанның оңтүстігінде  орта ғасырларда өтті. Нәтижесінде қытайлар Жетісудан қуылып,  1000 жыл бойы қазақ жеріне шабуыл жасамаған. Бұл қандай шайқас?

( Атлах шайқасы)

  1. ұпай. Бұл шайқаста қолбасшы жер жағдайын шебер пайдаланып, Қосқолаң тауының арасында бекінген. Аз қолды таптап өтпек болған дұшпан әскері 10 мың адамынан айырылды. Әскербасының жаужүректігі мен тапқырлығы, көрегендігі қазақ халқының мерейін үстем етті. Аз болса да, жеңіп шықты. (Орбұлақ шайқасы)

15 ұпай. «Мен сендерді адастырып, қырғынға ұшыраттым, елімді аман алып қалдым, мен дегеніме жеттім. Енді қолдарыңнан келгендеріңді істей беріңдер» деп, ерлік көрсеткен кім және кімдердің арасындағы соғыс  жайлыайтылады? (Шырақ, сақтар мен парсылар)

20 ұпай. Бұл көтеріліс бүкіл қазақ жерін шарпыды Оның сипаты : ұлт-азаттық, отаршылдыққа қарсы. Оның екі ірі ошағы болды. Бұл көтеріліске қарсы болған , халық арасында «шықпандар» деп үгіт жасаған ұлт зиялылары еді.  (1916 ж ұлт-азаттық көтеріліс)

25 ұпай. Бұл шайқасқа қатысқан 2 мемлекеттің атауының бірінші бөлігі түске  байланысты . Екеуі де дамыған орта ғасырлардағы мемлекетке жатады.Екеуінің ыдыраған жылы да бір.Бұл қандай мемлекеттер және қандай шайқасқа қатысқан.? (Қатуан шайқасы. Қарахан мен Қарақытай)

«Тарихи ескерткіштер» кезеңінің тапсырмасы:

Тақтада Қазақстан картасы ілулі. Таңдаған номеріне сәйкес палеолит, мезолит, неолит, қола және темір дәуірлерінің ескерткіштерін тапқан аймағына бекіту. (топпен шешеді).Магнитпен ескерткіш жазылған карточкаларды іледі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі

1.( қола дәуірінің ескерткіші Арқайым – Қостанай мен Челябі шекарасында;

2.Палеолит дәуірінің  ескерткіші Арыстанды – Оңтүстік Қазақстан (Қаратау)

3.Мезолит дәуірінің  ескерткіші Әкімбек – Орталық (Қарағанды)

4.Неолит дәуірінің  ескерткіші Усть-Нарым – Шығыс Қазақстан

5.Энеолит дәуірінің  ескерткіші Шебір – Батыс Қазақстан (Маңғыстау)

6.Темір дәуірінің ескерткіші   «мұртты обалар»-  Орталық Қазақстан

EXPO   туралы не білеміз? (+бонус оқу құралдары).Әр жауап 10 ұпаймен бағаланады.

. 1.EXPO деген не және ол Қазақстанда қашан өтті? (дүниежүзілік көрме. 2017 ж 10 маусым-10 қыркүйек)

  1. . Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі тұңғыш өткен жыл және қай елде? (1851 ж Ұлыбританияда)
  2. Қазақстанда өткен мамандандырылған ЭКСПО көрмесінің тақырыбы ?

(“Болашақтың энергиясы”,…)

  1. 1889 жылы Парижде өткен дүниежүзілік көрменің символына айналған ғимараттың атауы?

( Эйфель мұнарасы)

5.ЭКСПО -2017 логотипі  және тұмарлары көрсетіледі.(слайд)  Бұл не? Нені білдіреді?( Көрменің логотипі. Күннің, желдің, жердің күшін көрсететін белгі. Көрменің тұмарлары Мөлдір, Қуат, Сәуле)

  1. 1851 жылғы тұңғыш дүниежүзілік көрменің символына айналған ғимарат? ( Хрусталь сарайы, …)

Екінші бөлімді бастамас бұрын сәл демалып, сергіп алайық. Мен сендерге қызықты, көңілдерінді көтеретін логикалық сұрақтар топтамасын дайындап әкелдім. Тақтаға назар аударайық.                               

                     «Сергіту сәті»            (бейнебаян «Логикалық сұрақтар» )

Екінші бөлім (4 кезеңнен тұрады). Оның ерекшелігі: оқушыларда таңдау құқығы жоқ.

Берілген тапсырманы орындайды.

«Тарихи есімдер»  кезеңінің  тапсырмалары:

Сайысымыздың ІІІ кезеңі «Тарихи тұлғаны таны»  шарты көрсетілген фотосуреттегі тұлғаның өмірбаянына тоқталу. Топпен ақылдаса отырып, сұраққа жауап беру
Ұяшықта тарихи тұлғалардың бейнесі жасырылған: Әр топ өздеріне ұнаған ұяшықты таңдайды

1)Шығыстану әлемінен

Ғалым және саяхатшы — 1835 жылы туылған, көптеген бейтаныс жерлерді зерттеуші. Абылай ханның шөбересі, ақсүйек тұқымынан шыққан, шын есімі-Мұхаммед-Қанапия. Алғаш  сауатын мұсылман молдасынан ашқан,кейіннен Омбы кадет корпусында білімін жалғастырған. Бұл кім? (Ш.Уәлиханов)

2) Қоғамтану  әлемінен

1866-1937 жылдары өмір сүрген ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, аудармашы.  «Тағы соғыс», «Дума партиялары», «Дума мен қазақтар» атты мақалалардың авторы. Бұл кім? (Ә.Бөкейханов)

3) «Ұрпағым, біліп жүр, бар шығармашылық жолымды саған арнадым»!

Жазба әдебиетінің негізін салушы, көрнекті ақын, жазушы, қоғам қайраткері. 1845 жылы Семей облысы, Шыңғыстау баурайында  ауқатты отбасында дүниеге келген. Оның шығармаларында ерекше орын алатын еңбегі – нақыл сөздері. Ол 45 бөлімнен тұрады. Басты тақырыптары:  адамның қасиеттері, болмысы. Бұл кім? (А.Құнанбаев)

  • Тағдыр құрбаны

Ол — желтоқсанның аққан жұлдызы, жас сұңқар – ең жоғарғы жаза – ату жазасына іліккендердің бірі

1966 жылы Жамбыл облысының Мойыңқұм ауданындағы Көктерек елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі Ноғайбай бақташы, шешесі Дәметкен сауыншы болатын. (Қ.Рысқұлбеков)

 

  • Ұлт көшбасшысы

Ол 1940 жылы, 6 шілде Алматы облысы, Шамалған ауылында туған. Ол балалық шақтан өзінің 12 атасын білген. 40 жастан бастап ол саяси өмірге белсене араласа бастады. Оның әйелі – инженер-экономист. Қазіргі таңда әйелі «Бөбек» атты халықаралық  балалар фондын басқарады. (Н.Назарбаев)

  • Қазақ хандығы әлемінен

Ол орта жүздің ханы болды. Әйгілі Есім ханның 5-ші ұрпағы болып саналады. Оның шын аты – Әбілмансұр. 13 жасында ол әкесінен айрылып, жастайынан ұрыстарға белсенді қатысады. Жас кезінен ол  данышпандығымен ерекшеленіп, оған тірі кезінде «аруақ»(киелі) деген атақ берілді. 25 жасында ол таққа отырды. Бұл кім? (Абылай хан

Слайдтар көрсетіледі. Слайдтағы тұлғалардың беттері жасырылған. Ол 4 бөлікке бөлінген.  Егер 1 бөлшегі ашылған кезде, тұлғаны бірден танып, есімін атаса, 5 ұпай беріледі. Егер 2 бөлшегі ашылған соң  таныса, 3 ұпай, 3 бөлшегі ашылғаннан соң-1 ұпай, төртіншіде-0.

«Тарихи шыңжыр»  кезеңінің тапсырмалары

Берілген тапсырмалар бір  оқиғамен, кезеңмен байланысты. Олар шашыраңқы түрде беріледі. Топтың мақсаты: оқиғаларды рет-ретімен, кезең-кезеңімен қою және оны дәлелдеу. Дұрыс орындаған кезде-20, 1 қатесі болса 15, 2 қатеге-10 ұпай беріледі. Дұрыс вариантын магнитпен тақтаға жапсырады.

  • Палеолит — мезолит – неолит – энеолит – қола — темір
  • Түрік қағанаты — Батыс Түрік қағанаты — Түргеш қағанаты — Қарлұқ қағанаты — Оғыз мемлекеті-Қимақ мемлекеті
  • Буржуазиялық-демократиялық революция — социалистік революция — Азамат соғысы — ЖЭС –индустриялану — «Бесеудің хаты»
  • «Ақтабан шұбырынды» — Кіші жүздің Ресейге қосылуы – «Шаңды жорық» — С. Датұлының көтерілісі — Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы — К.Қасымұлы бастаған көтеріліс
  • Қасым хан – Хақназар хан – Шығай хан — Тәуекел хан – Есім хан – Жәңгір хан
  • Австралопитек – питекантроп – синантроп – неандерталь — кроманьон

 

«Тарихи шифр» кезеңінің  тапсырмасы:

Үш  топқа қазақ алфавиті бар парақ беріледі. Тапсырма: әр әріптің жанына сол әріптен басталатын тарихи терминдерді  берілген ауқыт ішінде жазып шығу. Бір әріпке бірнешеуін де жазуға болады.  Топ қанша термин жазса, сонша ұпай алады.

 «Қара жәшік» тапсырмалары:

Әр  топқа 2 заттан жасырамын. Мұқият тындап қара жәшікте не жатыр екенін айтсаңдар, 10 ұпай сіздердікі.

1.Сонымен, биологтер оны тірі организмдердің өмір сүретін орны десе, экономистер-өнеркәсіп факторы дейді. Ал тарихшылар оны мұрагерлік жолмен берілетін жеке меншік деп атайды. Кара жәшіктегі не? (жер)

2.Бұл нәрсе АҚШ-та 1887 жылы, Францияда-1791 жылы,  қабылданды. Ал Ұлыбританияда ол осы күнге дейін  қабылданған жоқ. Қазақстанда  тәуелсіздік алғаннан бері 2 рет қабылданды. Жәшікте не жатыр№ (Конституция)

3.Келісімшарттар нәтижесіне жетпегенде, сөздің орнына осы заттың дыбысы естілетін.  Сол заттың  көмегімен соғыстың басталуын жариялайтын. Жәшіктегі нәрсені атаңдар.  (кітаптың ішіндегі пышақ)

4.Бұл Н.Назарбаевтың  соңғы Жолдауының бірі. Тек қазақ тілінде ғана жариялан .Қазақстанның мақсаты 30 дамыған елдердің қатарына ену.Бұл бағдарламада мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс дейді. Бұл қандай бағдарлама? Сол бағдарлама жайлы айтылғанда, жазылғанда міндетті түрде осы жәшікте жатқан нәрсе бейнеленеді. Жәшікте не?

(«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының белгісі-құстың суреті)

6-кезең. Ой толғау.  «Егер де мен ПРЕЗИДЕНТ  болсам…» деген тақырып бойынша топтар өз ойларын ортаға салады.

Қорытынды. Марапаттау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

× Whatsapp-та хабарласыңыз!