Келісілді»
Бөбекжай әдіскері: Ә.Б.Ізбасарова
Уақыты: 14 ақпан 2020 жыл
Тобы: аралас «Балдырған» ересектер тобы
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметің түрі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Көліктер
Мақсаты:
Білімділік: балаларды қызмет көліктерімен таныстыру;
Дамытушылық: ой-өрістерін кеңейту, көркем сөз арқылы тілдерін дамыту;
Тәрбиелік: жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.
Алдын – ала жүргізілетін жұмыс: көлік түрлерін қайталату
Әдіс – тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, слайд.
Қолданылған технология түрі: ойын технологисы
Көрнекіліктер: көліктер, жол ережелері, ойындар, слайд, қызмет көліктерінің бейнелері
Билингвалдық компанент: көліктер – автомабили – cars, жедел жәрдем көлігі — транспорт скорой помощи транспорт скорой помощи — ambulance transport, полиция көлігі — полицейский транспорт — police transport, өрт сөндіру көлігі — пожарная машина — fire engine
Оқу қызметінің кезеңдері | Тәрбиешінің іс – әрекеті | Балалардың іс – әрекеті |
Себепті – қызығушылығын ояту кезеңі Кіріспе бөлім | Жылулық шеңбері: -Балалар, бізге бүгін көптеген қонақтар келіп отыр, көтеріңкі көңіл күймен қонақтармен «Шаттық шеңберге» тұрып амандасып алайық. Күннің көзі ашылсын, Көкке шуақ шашылсын. Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой. Ал кәнекей бәріміз, Сәлем дейік үлкенге Сәлеметсіздер ме, апайлар! -Жақсы балалар, енді орнымызға жайғасып отырайық. | Балалар шаттық шеңберге тұрып, қонақтармен амандасады. |
Ұйымдастырушылық – ізденіс кезеңі Негізгі бөлім |
Ой қозғау
-Балалар әуе, жер, темір, су дегенде ойларыңа
ең бірінші не түседі?
-Неге көліктер?
—Дұрыс айтасыңдар!
Балалар ендеше сендермен бір ойын
ойнап жіберейік!
Тәрбиешінің жетекшілігімен
— дидактикалық ойын: «Дыбысынан
таны»
Шарты: қызмет көліктерінің дыбысын ажырату.
-Балалар біздер ненің дыбысын таптық?
-Бұларды бір сөзбен қалай атауға
болады?
Ендеше балалар біз бүгін ашық оқу қызметінде осы жаңа тапқан қызмет көліктерімен
танысатын боламыз.
Қазір сендермен қызмет көліктері деген сөздің төңірегінде әңгіме
жүргіземіз, сұрақтарға жауап беріп түрлі ойындар ойнайтын боламыз.
-Сонымен қызмет дегеніміз не?
-Қандай қызмет көліктері бар екен?
-Барлығын жүргізуші жүргізеді, бірақ ішінде өз мамандары отырады.
-Ал балалар кімге, қандай маман иелеріне көліктер керек деп ойлайсыңдар?
-Мұғалімге керек пе?
-Ал аурухана қызметкерлеріне
ше? Иа оларға жедел жәрдем көлігі керек, олармен ауырған адамдарды ауруғанаға
алып келеді, келгенше алғашқы көмек көрсетуге арнайы көліктің ішінде
орналасқан дәрі-дәрмектермен, түрлі заттармен көмек көрсетеді. Жедел жәрдем
көлігінің ішінде алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек, жататын орын,
түрлі арнайы құрал жабдықтар болады. Жедел жәрдем машинасы екенін
білдіретінің қондырғысы бар, ол қатты асығып емханаға ауырған адамды алып
келе жатқанда қатты дыбыс шығады.
Себебі ауырған адамға жылдам
көмек беру қажет.
-Ал полиция қызметкеріне көлік керек пе?
-Иа оларға қылмыс болған жерге тез жетуге, көмек керек адамдарға баруға
полиция көлігі керек. Полиция көлігінің ішінде тоқтамай келе жаткан
көліктерге ескерту үшін рация болады, көліктердің жылдамдығын тексеретін
камера болады.
-Ал өрт сөндіру көлігі керек пе?
-Иа ол өрт болған жерге тез жетіп, өртті сөндіру үшін керек. Ал оның
ішінде су тұратын бак, су шашатын шланкасы, өрмелитін баспалдағы болады.
-Ал почта көлігі керек пе?
Иа ақша тасу үшін, құжаттар, газет тасу үшін керек.
-Ал балалар енді мнемосызба арқылы тақпақтар берілген. Мына суреттер
арқылы тақпақ құрастырайық.
-Балалар
екі командаға бөлініп 2 түрлі ойын ойнап жіберейік. 1командаға
Тәрбиешінің жетекшілігімен — дидактикалық ойын: «Көліктерді құрастыр»
Шарты: берілген
балмұздақ таяқшаларынан қызмет көліктерінің бейнесін құрастыру.
2
командаға
Тәрбиешінің жетекшілігімен — дидактикалық ойын: «Мамандық иесін көлігімен сәйкестендір»
Шарты: тақтадағы
мамандықты өз көлігімен резенке арқылы сәйкестендіру.
-Балалар
жолда қай көліктерге жол беруіміз керек?
-Неге?
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз, Қанатымызды жаямыз, Ұшақ болып ұшамыз. Суда жүйткіп жүземіз. Кемелерді түземіз, Жол тәртібін сақтап, Машинаға мінеміз. -Ал балалар осы көліктердің қандай зиянды жағын білесіңдер? Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын ойланып тауып көріңдер. Сөйлеуді ол білмейді, Бірақ тоқта жүр дейді. -Бұл не екен балалар? -Балалар қалай ойлайсыңдар, бағдаршам не үшін керек? Бағдаршам неше көзі бар? Қандай? -Бағдаршамның көздерінің қызметін айтып беріңдерші? -Балалар мына жолдың арғы бетіне өту үшін не істейміз? -Ал балалар егерде жолда бағдаршам да, жолақша жолда болмаса қалай өтеміз? Енді балалар бүгінгі оқу қызметімізді қортындылау мақсатында «Сиқырлы текше» деп аталатын ойын ойнап жіберейік. Шарты: текшені лақтырып, түскен бетіндегі қызмет көліктерінің суретін атап, не түсінгенін атап беруі керек. Билингвалдық компанент: көліктер – автомобили – cars, жедел жәрдем көлігі — транспорт скорой помощи транспорт скорой помощи — ambulance transport, полиция көлігі — полицейский транспорт — police transport, өрт сөндіру көлігі — пожарная машина — fire engine Тәрбиелік бағыты: сонымен балалар біздер әр кезде жолдан мұқият өтуіміз керек. Жол ережелерін дұрыс білсек, ескерсек өмірімізгеде еш қауіп төнбейді. | -Көліктер -Себебі көліктер түрлеріне байланысты жерде, суда, темір жолда және әуеде жүретін көліктер болып бөлінеді. Балалар көліктердің дыбысын ажыратып атап береді — жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру көлігінің дыбысын таптық -Қызмет көліктері деп атаймыз -Адамның жасайтын ісі, жұмысы -Дәрігер, полиция, өрт сөндіретін қызметкерлерге, пошташы ағайларға көлік керек. Балалар қызмет көліктерімен, мамандарымен, құрал-жабдықтарымен танысады. -Төрт аяғым дөңгелек Адамсыз мен жүрмеймін Барлық жерге жеткізіп Қаласаңыз апарам -Бұлттар менен көктегі Мен боламын туысқан Озып шығам құстарды Қанат қақпай ұшамын. -Теңізде жүздім балықтай Дүниені кездім жалықпай Көліктердің бір түрі Мен боламын қайықтай Балалар балмұздақ таяқшаларынан қызмет көліктерін құрастырады Балалар мамандық иесін өз көліктеріне резенке арқылы апарып сәйкестендіреді Сергіту сәтін орындайды — көліктерден шыққан түтін, улы газдар қоршаған ортаның ауасын ластайды, адамдардың ағзасына яғни ден саулығына кері әсерін тигізеді. -Бағдаршам. -Машиналар бір бірімен соқтығысып қалмау үшін. -Адамдардың жолдан өтуі үшін. -Бағдаршамның үш көзі бар. Олар:қызыл, сары жасыл. Бағдаршамның қызыл көзі жанса тоқтаймыз, сары көзі жанса дайындаламыз, жасыл көзі жанса жүреміз. -Бірінші сол жағымызға, кейін оң жағымызға қарап өтеміз. Текшені лақтырып, түскен қызмет көлігі туралы білгенін айтып береді. Үш тілде қайталайды Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды |