Қысқа мерзімді жоспар Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Оразалинова Айгуль Кудайбергеновна |
Сынып: 5 | Қатысқандар: Қатыспағандар: |
Бөлім атауы | Кітапханада |
Сабақтың тақырыбы | Кітап — бағалы сыйлық |
Оқу мақсаттары | 5.Т1. Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау. |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар орындай алады: Тақырыпты иллюстрациялар мен тірек сөздер арқылы болжайды. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұны түсінеді және нақты ақпаратты анықтайды. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тақырыпты иллюстрациялар мен тірек сөздер арқылы болжайды, сөз тіркестеріне анықтама береді, сұрақтарға жауап береді және диалогке түседі. Кейбір оқушылар орындай алады: Тақырыпты иллюстрациялар мен тірек сөздер арқылы болжайды, сөз тіркестеріне анықтама береді, сұрақтарға жауап береді, диалогке түседі, әңгімелейді. |
Тілдік мақсаттар |
Пәнге қатысты сөздік қор мен
терминдер:
дана сөз, дүние жинамайды, шағын, қызықты мәліметтер,
ақпарат, табасың (таппайсың), бөле, ұқыпты ұстау,
рұқсатымен алу.
Диалог құруға арналған пайдалы
тіркестер:
Шағын кітапхана, керек ақпарат, бөлеге сыйлау, материалды табасың
Талқылауға арналған сұрақтар:
— Сен бүгін кітапханаға
барасың ба? — Кітапханадан не аласың? — Ал сен қандай кітап аласың? |