Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: «1-қыркүйек – білім күні».
Сабақтың мақсаты: Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
Көрнекі-құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері,суреттер.
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ-жауап.
Барысы:.
Мемлекеттік әнұранды орындау.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық балалбақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады.Осылайша балаларға ,балабақшада да білім мен тәрбие бірге беріледі.Осылайша күнделікті оқу басталады.Әрбір ұстаз алдындағы балаға қосылып қолына қалам ұстатып ,әріп танытып,білімді ,тәрбиелі ,саналы жақсы болу үшін өз білімін береді..
Сондықтан да, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алуларың керек.
.Еліміз өз алдына тәуелсіз ел болғандықтан біздің рәміздеріміз бар .Қане балалар рәміздерді атап берейік.
Тәрбиеші: Дұрыс, Әнұран, Елтаңба, Ту.
Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Балалар: Қасым Жомарт Тоқаев.
Тәрбиеші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы:/Астана/
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар.Айтыңдаршы, біз қай қалада туып, өмір сүріп жатырмыз?
Балалар: Біз Ақтау қаласында туып, өмір сүріп жатырмыз.
Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, біздің балалар бөбекжайымыз қалай аталады?
Балалар: «Жұлдыз» бөбекжайы
Жалқаубек : Ой балалар мында не болып жатыр?
Кеттік,балалар менімен ойынағыларың келіп тұр-ау деймін.
Тәрбиеші: Жалқаубек бұның не? Мерекелік киіміңді киіп келмейсің бе?
Бүгін бізде мереке ,1-Қыркүйек -білім күні.
Жалқаубек: Әй балалар мереке дей ме , мектепте аға ,апаларымыз оқиды, одан да біз ойнап жүре берейік .Солай ма балалар.
Тәрбиеші : Жалқаубек біздің балалар балабақшада ән айтып ,би билеп , білім мен тәрбие алады. .
Жасмин:
Білім алған өзіңнен, дәрігер, ұшқыш не ғалым.
Саған ыстық сезіммен, қарайдыжұрт, мұғалім.
Мен де өзіңді әрдайым, қамқорым деп ұғамын
Күліп атқан таңдасың, жарқыңсың сен, мұғалім.
Азизнұр
Қыркүйектің бірінде, кеудем толы дірілге
Құлақ түйем елеңдеп, «Бақша» деген бір үнге.
Қаламқас:
Сәлем саған балабақшам, алтын ұяам сүйікті
Сен әпердің білікті, сенен өсіп көктедім.
Балалардың орындауында ән «Біздің балабақша».
Бауыржан
Келгенімде алдыңа, қызыл арай гүл алып
Жақын тартып жаныңа, шәкіртім деп қуанып..
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Тәрбиеші: Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті сабақтарымыз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды.
Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен балабақшаларыңа келулеріңе тілектеспін. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарың үшін көп рахмет. Бүгінгі 1-ші қыркүйек – білім күніне арналған сабағымыз осымен аяқталды.