Сабақтың тақырыбы: Қыс қызықтары
Сабақтың мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсінік беру. Балалардың қыс туралы білімдерін жетілдіру. Суреттер бойынша әңгімелеу.
Көрнекілігі: Қыс мезгіліне байланысты суреттер. Қыс мезгіліндегі балалардың ойнап жүру әрекеттері бойынша суреттер: аққала, шана, қар
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық:
Арайлап таң атты,
Алтын сəуле таратты.
Тəрбиелі баламыз,
Амандасып аламыз.
Сәлеметсіздер ме!
Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабағымызда қыс мезгіліне байланысты
«Қыс қызықтары» атты тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтеміз.
Сонымен қазір жылдың қай мезгілі екен?
Балалар: Қыс мезгілі
Мұғалім: Жарайсыңдар, қыс мезгілі басталып, күн суыта бастады, адамдар
қалың киімдерін киді. Қыста не жауады?
Балалар: Қар жауады және бұршақ жауады.
Мұғалім: Жарайсыңдар, қыста қар, бұршақ жауады. Ағаштар қармен жамылады.
Өзендер мен көлдерде мұз қатады. Балалар мұзда аяқтарына коньки, шаңғы теуіп, шанамен сырғанайды.
Мұғалім: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер ойлана отырып шешуін табыңдар.
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Кейде ұлып, кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Қыс мезгілі
Қыс мезгілі туралы тақпақтар айтайық:
Еламан: Қыс айлары көңілді,
Ақ қар жапқан өңірді.
Үйренеміз жалықпай,
Коньки, шаңғы тебеміз.
Балнұр: Ауыл маңы қар аппақ,
Қызықтар көп не түрлі.
Ақ дәптерді парақтап,
Қыс отырған секілді.
Қанат: Қыста қармен ойнаймыз,
Қызыққа біз тоймаймыз.
Таудан төмен сырғанап,
Шаңғы, шана тебеміз.
А. Кәусар: Қыста салқын болады,
Адамдар да тоңады.
Ауырып та қалады,
Бірақ емделіп алады.
Асель: Қыс мезгілі жақсы ғой,
Жаңа жыл да болады.
Балалар да қуанып,
Сыйлығын да алады.
Сырым: Қыста құстар тоңады,
Тамақты әзер табады.
Себебі дала салқын ғой,
Ұша алмай да қалады.
Бауыржан: Жапалақтап қар жауды,
Айналаның бәрі аппақ.
Ағаштар да сәнді болып,
Киіп алды ақ көйлек.
Азамат: Қар жауды..
Қатты сағындым мен қысты.
Аққаланы жасаймыз,
Коньки теуіп ойнаймыз.
Лейла: Балалар шықты далаға,
Ойнап, күліп жүр енді.
Шаналармен озады,
Аққаланы соғады.
Бахытбек: Бір топ бала далада
Соқты қардан аққала,
Мұрны сәбіз үп-үшкір.
Көзі көмір қап-қара.
Хор әні: «Қыс қызығы»
Енді жұмбақтарға берейік:
Айбек: Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады?
Ол не? (Аяз)
Нуршат: Қуып едім мойын бұрмады,
Ұстайын десем, қолға тұрмады (Боран)
Т. Кәусар: Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
Ү. Айнура: Қыс жатады, жаз тұрады,
Жоқ болса да қол — аяқ, қаз тұрады (Қар)
Д. Айнура: Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші сен оны (Аққала)
Акылбек: Өзі сондай аппақ,
Жердің бәрін жаппақ.
Ол не? (Қар)
Арай: Мамықтай ұлпа,
Қанттай ақ (Қар)
Ақерке: Киіз үйімнің төбесі
Түбітке толы. О несі? (Бұлттар)
Ән: «Қар жауды» Сиелханова Асель, Мұратбай Қанат, Мұратбай Балнұр,
Нұржанов Еламан
Ойын: «Артығын тап»
Шарты: Берілген суреттердің ішінен артық суретті табу.
Би: «Биле, биле» А. Кәусар, Н. Еламан, Ө. Лейла, С. Сырым
Қорытынды: Бүгінгі сабағымызда «Қыс қызықтары» тақырыбындағы
ашық тәрбие сағатымызда қыс мезгілінде болатын қызықтар туралы
әңгімелелеумен қатар әндер, тақпақтар айтылып, би билеп, ойын түрін ойнадық.
Жақсы қатысқандары үшін балаларды қар суретімен марапаттаймын.