Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Кішкентай бағбан» М. Төрежанов. Мақсаты: Білімділік: мәтіннің мән – мағынасын бұзбай әңгімелеуді үйрету; Дамытушылық: тілдік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру; Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; Алдын – ала жүргізілетін жұмыс: бағбан туралы әңгімелеу Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап, сөздік, ойын, мнемо сызба әдісі. Қолданылатын технология түрі: дамыта оқыту технологиясы. Көрнекіліктер: тақырыпқа сай суреттер, АКТ, Билингвалды компонент: бағбан – садовник – gardman.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс – әрекеті | Балалардың іс – әрекеті |
Себепті – қызығушылығын ояту кезеңі: Кіріспе бөлімі | Үш тілде амандасып алайық. Қайырлы таң!Доброе утро!Good morning! Амандасу тренингі (шаттық шеңбері): «Күлкі” бейнесі — бір-бірімізге күлімдей қараймыз. “Қол” бейнесі — қол алысып амандасамыз. “Жүрек” бейнесі — бір-бірімізді құшақтаймыз. “Күн” бейнесі — ықыласпен тілегімізді білдіреміз. Бағыттаушы сұрақтар қою арқылы оқу қызметтін тақырыбын ашып алу. | Үш тілде амандасып алады. Бір-біріне күлімдеп қарайды. Қолдарын алып амандасады. Бір-бірін құшақтайды. Жақсы тілек айтады. Балалар өз сөздерімен сұрақтарға жауап береді. |