Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Сурет салу
Тақырыбы: Бөлме өсімдіктері
Мақсаты:
Білімділік балаларға бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс сурет салу әдісі майшамды,
губканы қолдана отырып, езілген бояуды жағу арқылы қағаз бетіне бөлме гүлін
салуға үйрету.
Дамытушылық: губкамен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын ,шығармашылық
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: бөлме өсімдіктеріне қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Алдын — ала жүргізілетін жұмыстар: бөлме гүлдерінің түрлерімен таныстыру,
көмек көрсету-күтуді үйрету
Қолданылған технологиялар түрі: АКТ,ойын технологиялары
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, бастырма, балауыз әдісі.
Көрнекіліктер: бөлме гүлдері, гуашь, поролон губкасы.
Билингвалды компонент: гүл – цветок – flower.
Әрекет қызметінің кезеңдері | Тәрбиешінің іс — әрекеті | Балалардың іс — әрекеті |
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі | Шаттық шеңбері: Күндей жадырап, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап, Судай мөлдір таза көңілмен, Бүгінгі күнімізді бастайық. — Балалар қазір жылдың қай мезгілі? — Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады? — Жарайсыңдар, балалар, қыс мезгілі туралы біледі екенсіңдер! — Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер жауабын табыңдар. Жұмбақ Терезе алдында тұрады, Адамдардың бәрі қызығады Су құймасаң, сәні бұзылады Ол не? (Бөлме гүлдері) Дұрыс айтасыңдар балалар. Біз бүгін сурет салу оқу қызметінде табиғаттың ғажайып байлығы – гүлдермен танысамыз, гүлдер бөлме гүлі және дала гүлдері болып екіге бөлінеді. Бөлме гүлдеріне фикус, кактус, алоэ, роза т.б. гүлдер жатады. Бөлме гүлдері бөлмеде арнайы ыдысында өседі. Бөлмедегі ауаны тазартады, әдемі сән береді. Дала гүлдеріне бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ, түймедағы т.б. жатады. Бұл гүлдер далада өседі.Сондықтан дала гүлдері деп аталады. | Өлең жолдарын хормен қайталайды. — Қазір жылдың қыс мезгілі. — Күн салқын болады. Аспаннан қар жауады. Бөлме гүлдері |