Пән аты: Құран Кәрім және тәжуид
Оқытушы: Беков Н.С.
Дәріс хана: №
Дәрістің түрі: Теориялық, практикалық сабақ (Аралас сабақ)
Оқыту әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұхбаттасу, мәнерлеп оқу, көрнекілік, сөздік.
Дәрістің тақырыбы Ясин сүресі (48-60 аяттар)
Дәрістің мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға жаңа сүрені таныстыру, әріптердің және аяттардың айтылуын баяндау, Құран кәрімді жетік оқыу.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, зейінділік пен белсенділік іс-қимыл қабілеттерін дамыту, шығармашылық іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуына жағдай жасау.
Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, әр бір көрнекі құралдарды ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар:
1. Араб тілі, сарф, наху.
Дәріске қолданылатын көрнекі құралдар: тақта, суреттер, оқулықтар т.б.
Дәріс барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі (5мин): Оқушылармен сәлемдесу, дәрісхана тазалығын тексеру, оқушыларды түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аударту.
«Шаттық шеңбері» (сергіту сәті): Сабақ басталар алдында қолданамыз. Оқушылар кезектесіп жасырылған сөздерді мимика арқылы көрсетіп, қалған оқушылар табуға тырысады.
ІІ. Оқушыларды мына тақырып бойынша тексеру (25мин): Ясин сүресі (25-47 аяттар)
Сұрақтар:
- Ясин сүресі 25-47 аяттар аяттарын жаттау
- Ясин сүресі 25-47 аяттар талдату.