Shuanghuanglian Koufuye деп аталатын препараттың құрамына жапондық бөріжидек, байкалдық томағашөп пен қотыр форсайтия өсімдіктері кіреді екен. Қытайлық медицинада аталған өсімдіктер дене қызуын бәсеңдетіп, ағзадан улы заттарды ыдыратып, адам денесін іші-сыртын тазартатын қасиетке ие дәрімектерге жатқызылады. Ал кейінгі зерттеулерге қарағанда Shuanghuanglian Koufuye вирустарға және бактерияларға қарсы әсер етіп қана қоймай, адамның иммунитеттік жүйесін жақсартатыны анықталған.
2003 жылы Шанхай фармакологиялық институтының зерттеушілері Shuanghuanglian Koufuye-нің өкпе қабынуына қарсы ықпал ететіндігін анықтапты. Соңғы он жыл ішінде ғалымдар айтылған препаратты тұмау тудыратын вирустар мен респираторлық ауруға қарсы да сынап көріпті. Тәжірибе оң нәтижені көрсеткен. Яғни барлық жағдайда дәрінің вирустың көзін жедел әрі қарқынды жоя алатындығы анықталыпты.
Қазір препарат клиникалық сынамаларға жіберілген.
Бұған қоса Қытайдың денсаулық сақтау басқармасы коронавируске қарсы Huoxiangzhengqi Кoufuye препараты да күшті құрал бола алатындығын жариялапты.
Бұған дейін коронавируске қарсы вакцина ойлап табылғандығы айтылған еді.