Әрбір адам үшін өзінің туған жері, туып өскен отаны, өз өлкесі өте қымбат. Әр адам өз өлкесін гүлдендіргісі келеді. Мен де өз өлкемді гүлдендіргім келеді. Менің туған өлкем Жуалы ауданы, Теріс-Ащыбұлақ ауылы. Жуалы барша жұртқа қолайлы, шұрайлы мекен.
Әділдіктің белгісі —
Біле тұра бұрмаса.
Ақылдының белгісі —
Өткен істі қумаса, — дегендей кезінде өмір сүрген Асан қайғының Жуалы жері туралы айтқан ойын айта кетсем: «Жерің семіз, шөбің шүйгін, қарың мол, топырағы май екен қадіріңді егін салған ел білер» -деген екен. Осындай киелі де, шұрайлы мекенімді қалай өзгертсем екен деп көп ойланамын. Мен өлкемнің бұлыңғыр болашағын өзгерткім келеді.
Өз қиялымдағы өлкемнің болашағын құруды мақсат етемін. Мен құрған болашаққа барша ел сенімді көзқараспен қарайтын болады. Мен өз өлкемде нені өзгерткім келеді? Ойлана келе адамдардың білімділігін арттырып, бойларындағы өнерлерін дамытсам деймін. Өз жоспарларымды құрып, салым –салушыларды шақыру арқылы ауылдан шығып жатқан көптеген елеусіз өнімдерді жаңғыртқым келеді. Мәселен, қойдың жүнінен адамдарға қажетті дүние жасап шығару, ауылдың табиғи сүт-өнімдерін пастерлеп, сатылымға шығару арқылы одан түскен қаржыға балалардың бойындағы қабілеттерін әрі қарай дамыту үшін ауылға өнер мектебінің бой көтергенін қалар едім. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші, еліміздегі барлық елді мекен гүлденетін болса, Қазақстанымыз одан әрі көркейер еді.
Мен не үшін ауылымды жақсы көремін?
Мен ауылымды көркем табиғаты үшін, мөлдір бұлақ суы үшін, құнарлы топырағы үшін жақсы көремін. Сондықтан мен үнемі туған елім, жерім, ауылым туралы жырлауға еш ерінбеймін. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев:- «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюіне жан теріңді сығып еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» — демекші, туған жеріміздің көркеюіне атсалысайық. Әркімге өзінің туып өскен ауылы, жері әрдайым қымбат. Мен өз ауылыммен мақтанамын!
Мен осы конкурсқа қатысқым келеді.