ХХ ғасырдың басында қазақ халқының бақытты келешегі үшін күресуші үлкен зиялы топ қалыптасты.Солардың бірі ,әрі бірегейі Әлихан Нұрмұхемедұлы Бөкейханов-көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері,ғұлама ғалым,ұлт-азаттық күретің көсемі,Алашорда үкіметінің төрағасы .Әлихан Бөкейханов қазақтың басындағы ауыр халді арылтып,санасына жарық сәуле шашу үшін,халқының мұң-мұқтажын баршаға жеткізу үшін,қазақ зиялыларының ой-пікірлері мен көзқарастырын түйістіру үшін «Қазақ» газетін шығарады.Газет беттерінде қазақ зиялылары жандарына батқан ауыр шындықты айтып,жер туралы,теңсіздік туралы мәселелерді көтереді.
Әлихан Бөкейханов бұрынғы Семей облысы,Қарқаралы уезі Тоқырауын болысына қарасты №7 ауылды 1866 жылы дүниеге келген.Алғашынды Қарқаралыда Зариф молдадан мұсылманша дәріс алады. 9 жасында орысша оқуға түседі. 1886 жылы ол Омбыға келіп, жергілікті 4 жылдық техникалық училищеге «пансионер» болып қабылданды.
Ол 1890-1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқыды. Осы жылдары ол барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әсіресе солшылдардың көзқарасына бейім болды. Ә.Бөкейханов Ресей жандармерия басқармасының назарына алғаш рет студенттік жылдары-ақ ілігіп, «саяси сенімсіздердің» қара тізіміне алынды. Әлихан бұл тізімнен патша өкіметі күйреп, Кеңес өкіметі орнаған жылдары да – 1937 жылдың қырқүйегінде «халық жауы» болып атылып кеткенге дейін де шыққан жоқ. 1917жылы Әлихан Бөкейханов Ахмет Байтұрсынов,Міржақып Дулатовпен біріге отырып Алаш партиясын,осы жылдың желтоқанында Алашорда үкіметін құрады.1919жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға кешірімінен кейін Әлихан Бөкейханов қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнайды. Кезінде Әлихан Бөкейханов Орыстың жағрафия қоғамының Батыс-Сібір бөлімі мүшесі ретінде, қоғамның ғылыми мәжіліс-жиналыстарында қазақтың мәдениеті, тұрмыс-салты, өнері жайында баяндамалар жасап, дәрістер оқып тұрған. Сонымен қатар ол орыстың Г.Н.Потанин сынды ғалымдарына халқының ән-күйін, ою-өрнегін, тұрмыстық құрал-саймандарын жинасып, Том қаласында қазақтың өлкетану музейін ашуға қол ұшын берген.Қазақ елінің тек қана шикізаттық бағыттағы ел болып қалуын қаламаған ол «қазақ жерінде өндірілген бір уыс жүн қазақтың үстіне киім болып тігілуі керек дегенді айтқан. Сондай –ақ егер тірі жүрсем халқыма қызмет етпей қоймаймын деген сөзінен ағамыздың өз елін сүйетін патриот екенін ұғамыз.Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып,еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың оңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі ұлан-ғайыр.Ол Ресейдің ІҮМемлекеттік Думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты,,ғұлама ғалым-ормантанушы,экономист,тарихшы,этнограф,әдебиет танушы,аудармашы,журналист ретінде өшпес мұра қалдырған біртуар тұлға.Әлихан Бөкейханов 1926 жылы жалған жаламен тұтқындалып,түрме азабын көреді.1937жылы тағы да тұтқындалып,67 жасында Москвада ату жазасына кесіледі.Бүгінде Әлихан армандаған тәуелсіздік пен азаттыққа қазақ халқы қол жеткізді.Ағалар салып кеткен сара жолмен еліміз күн санап даму үстінде.Алаш туын тігіп,бүкіл өмірін ұлтының болашағы үшін сарп еткен Әлихан Бөкейханов есімі ешқашан ұмытылмайды.