Білім беру саласы:Таным.
Оқу қызметі: Жаратылыстану.
Тақырыбы: Көкөністер .
Мақсаты: Көкөністер мен жемістер туралы түсініктерін кеңейту.
Сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Көкөністер мен жемістерді пайдасы туралы әңгімелеу. .Көкөністер,олардың түстері,жинап алатын мезгілі және неге көкөніс деп аталатынын түсіндіру. Көкөністерді сипаттау арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын,ойлау қабілеттерін дамыту.Көкөністерді күтіп баптауға баулу,
Әдіс тәсілдері: тәй-тәй технологиясы, триз технологиясы,АКТ, көрсету, әңгімелеу,сұрақ-жауап.
Қажетті құрал – жабдықтар:Сиқырлы қорапша, көкөністер мен жемістер.
Сөздік жұмыс: Күз, жеміс, көкөніс.
Билингвалды компонент : Күз, жеміс, көкөніс,картоп, жуа, қияр, қызанақ,қырық қабат,сәбіз
Оқу қызметі кезеңдері | Тәрбиешінің іс әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы | Әнұран орындау
Шаттық шеңбері: Күннің көзі ашылсын, Көкке шуақ шашылсын. Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. Сәлемдесіп алайық, Салеметсіңдерме? Апайлар. Балалар,бір жылда қанша мезгіл бар? Қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде қанша ай бар? Күз мезгілің ерекшеліктері қандай? |
Ұйымдастырушы-ізденуші | Жұмбақ жасыру.
1.Сырты жасыл қатты, Іші қызыл, тәтті. (Қарбыз) 2.Жер астына түседі Сап-сары болып піседі. (Сәбіз) 3.Аласа ғана бойы бар, Қабат-қабат тоны бар. (Қырыққабат) 4.Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады. (Пияз) -Балалар көкөністерге, қызанақ, сәбіз, қызылша, қияр, пияз, картопты жатқызамыз. -Көністер-адам ағзасына өте пайдалы. Көкөністердің құрамында адамның ағзасының өсуі мен дамуына пайдалы түрлі дәрумендер бар. Көкөністер бақшада өседі.
«Ғажайып сәт»Бағбан ата келеді Сәлеметсіңдер ме балалар?
Тәрбиеші: балалар бізге қонаққа бағбан атамыз келді.
Бағбан ата: балалар бүгін сендердің көкөністер жайлы оқу қызметін өтіп жатқандарың жайлы естіп, сендерге арналған тапсырмаларыммен келіп отырмын, егер менің тапсырмаларымды жақсы орындасаңдар сендерге арналған сыйлығым бар.
Тәрбиеші: атайдың тапсырмаларын орындамас бұрын топқа бөлінеміз 4 орталыққа бөлу Үстел үсті орталығы:көкөністердің түсіне сәйкес қыстырғыштарды қыстыру Құрастыру орталығы: фетр мата бетіне көкөністер мен жемістерді орналастыру Шығармашылық орталығы:трафарет бетіне гупканың көмегімен суретті бояу Зерттеу орталығы: ыдыстарда тұрған көкөністерді түсінен, иісінен, дәмінен ажырату. Сергіту сәті: видеоролик арқылы сергіту жүргізу Екінші айналым жасау. Бағбан атаның қоштасып қайтуы |
Рефлексивті-түзетуші | Балалар,біз бүгін не туралы білдік?
Көкөністер туралы білдік. Көкөністердің адам ағзасына пайдасын. Сұрақ-жауап ретінде бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау. Балаларды мақтап,марапаттау. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:Көкөністерді ажырата білу керек.
Нені игерді: Көкөністердің бақшада өсетіндіктерін.
Нені біледі: Көкөністердің пайдалы екенін біледі.