«Үздік реферат» конкурсының
республикалық конкурс өткізу талаптары:
Конкурс мақсаты: Оқушы таңдаған тақырып бойынша, ізденіс тудыруға, материалды топтастырып реттеу дағдыларының қалыптасуына ықпал ету
- Жалпы ереже
- Конкурсқа орта мектеп оқушылары мен орта арнаулы (колледж) мекемелерінің студенттері қатыса алады
- Жасына, сыныбы, курсына қарай шектеу болмайды. Әрбір қатысушы өз жұмыстарын (мазмұнына қарай) бірнеше байқауларға ұсына алады.
- Конкурсқа қатысушы реферат атауы мен мазмұнын өзі немесе жетекшісімен бірлесіп жаза алады.
- Конкурсқа реферат орыс және қазақ тілдерінде электронды нұсқада (doc) қабылданады (сайтқа тіркеліп жүктейді, электронды почтасына жіберілмейді)
- Конкурсты бағалау критерийлері:
2.1. Рефераттың форматқа сәйкестігі
2.2. Рефераттың мазмұны (мәтінде келтірілетін деректердің шынайылығы, логикалық заңдылықтар келтіре алуы, )
2.3. Деректер қорымен жұмыс істеуі
2.4.Сауаттылық (мазмұндылығы, сөздің қор, көркемдігі)
Сертификат: қатысушының барлығына беріледі.
Жүлдегерлер І,ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Диплом: (Бағалану)