Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша студенттерге ай сайынғы мемлекеттік стипендия мөлшері белгіленеді:
— жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге — 26 186 теңге;
— интерндер — 47 431 теңге;
— магистранттарға — 66 913 теңге;
— «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттарға — 125000 теңге;
— докторанттарға — 102 498 теңге;
— денсаулық сақтау саласындағы резидентура мен магистранттарға — 76 951 теңге;
— мемлекеттік органдардан оқуға бағытталған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Әділет академиясының магистранттары — соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық жалақы деңгейінде, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын магистранттар үшін белгіленген стипендия мөлшерінен төмен емес;
— техникалық біліктілік бойынша техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге — 21 877 теңге.
Бұл ретте техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін) және орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің мемлекеттік стипендиясы жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының студенттеріне ай сайынғы мемлекеттік стипендияның 80 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Жарлық 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.