«Мейірімділік пен қатыгездік » ашық сабағы

«Мейірімділік пен қатыгездік » ашық сабағы

«Мейірімділік пен қатыгездік » сабағы

(мектепке даярлық тобы)

Мақсаты:Балаларды адамдардың мейірімді істерін тани білуге, мейірімділік пен қатыгездікті жырата білуге үйрету.Балаларды «мейірімділік», «қатыгездік» сөздеріне түсініктерін қалыптастыру.Балаларды мейірімділікке, рақымдылыққа тәрбиелеу.

Әдістер: әңгімелесу, әңгіме, өлең, түсіндіру, ойын, жаттығу, қорытынды.

Құралдар:П.И.Чайковскийдің «Жыл мезгілдері» аудиожазбасы, ойын «Көңіл-күй әліппесі»

(балалар шеңбер жасап тұрады.)

Шаттық шеңбері:

— Күн күлімдеп нұр төкті,бізге жолдап….

Балалар:Сәлем!

—  Жақсы сөздер нұр септі,бізге жолдап…

Балалар:Сәлем!

-Еске сақтап кеңесті,достарға сыйла…

Балалар:Сәлем!

-Кел қосылып айтайық, бір-бірімізге…

Балалар:Сәлем!

Өзіңмен өзің:(П.И.Чайковскийдің «Жыл мезгілдері» әуені ойналады)

Тәрбиеші:Балалар,сіздерге күн өзінің мейірімді сәулесін сыйлады. Деп елестетіп көрейік. Қазір әрбір сәуле сіздерге келіп жетті.Қолдарыңды алға созып,күннің әрбір мейірімді сәулесін ұстауға тырысыңдар. Қане,1,2,3 көздеріңді жұмыңдар. Елестетіп көрейік. Сендер күн сәулесімен жарқыраған ашық алаңқайда тұрсыңдар. Күн сәулесі сіздердің денеңізге тиіп, еркін бойлап барады. Сіздерге күн сәулесі жылы. Осы бір кішкетай күн сәулесінен сіздерге мейірімділік жылуы келіп тұр. Сіздерге тап қазір өте жақсы, жып –жылы. Сіздердің жан дүниеңізді жылылық жайлап барады.Барлығыңызғакүн сәулесінің шапағаты тиіп, мейірімділікке бастайды. Ал енді 1,2,3 дейін,көзімізді ашайық.      Балалар,керемет жылылық сезіндік.

(есік қағылып, Кун болып киінген кейіпкер кіреді )

   Күн: Сәлеметсіздер ме,балалар,құрметті қонақтар!Сіздерге бүгін мен жылуымды, жақсылығымды,мейірімімді ала келдім.Балалар,қалай ойлайсындар, көңіл-күй неге байланысты болады болады? Балалар менде әртүрлі көңіл-күйге байланысты өызықты ойындар бар. Қараңдаршы, күнде әртүрлі күйде  болады екен. Сендер осы күннің күйіне байланысты сәйкес карточка суреттерін тауып, көрсетулерің керек.

Ойын-жаттығу «Көңіл-күй әлппесі»

                                Әңгімелесейік

Көрші балабақшада өздерің сияқты Әділ деген бала бар екен. Бір күні оларға тәрбиеші құмырсқа туралы қызық ертегі оқыпты. Ертегіні оқып болып:

-Сонымен,балалар,біз құмырсқаның илеуін көрсек, абайлап,айналып өтіп,басып жаншып кетпей өлтірмеуміз керек екен,-деп сөзін аяқтай бергенде,Әділ қолын көтеріп:

-Апай қара құмырсқаны өлтіруге болады,олар бандит,фашист құмырсқалар гой,-деді.

Сұрақ:-Әділ дұрыс айтты ма? Неліктен?

Тыңдайық-ойланайық

                        «Қарағай ағаштары»әңгімесі

Ерте,ерте ертеде Жапония елінде кедей балташы тұрыпты. Оның жүрегі өте мейірімді өте мейірімді екен. Ол ормандағы ағаштарды күтіп, жақсы көреді екен.Ол балташы болсада ешқашан ағаш шауып, бұтақтарын сындармай, тек жердегі жатқан сынған бұтақтарды жинайды екен.Сондықтан да болар, ол өте кедей тұрады екен.

Бір күні ол орман аралап келе жатса,биік қарағай ағашы адам дауысымен былай депті:

-Тырс-тырс-тырс,ағып жатыр менде шырын

Сындырған меннен бұтақты адам.

Шынында да балташы жоғары қараса,сынған үш бұтақтың орнынан қара май ағып тұр екен.Аяп кеткен балташы жалма-жан көйлегінің етегін жыртып алып,жайлап қана ағаш жарасын таңады.Таңып бола бергені сол еді,ағаш бұтақтарынан алтын,күміс теңгелер жаңбырша жауып кетті.ол теңгелерді жинап алып,ағашқа рахметін айтты.

Үйге келе жатып,балташы өзінің ең бай адам екендігін түсінеді.

Балташылар ауылына жете бергенде,алдынан сараң және өтірікші балташы шығады.Ол терезеден кедей балташының мол ақша алып келе жатқанын көріп қызғаныштан жүгіріп шығып еді.бұл балташы өзімшіл,қатал болғанын және дәл соның өзі ағаш бұтақтарын сындырған еді.Сараң балташы дсының осыншама көп ақша алып келе жатқанын көріп,қатты таңғалды.

«Мұның бәрін қайдан алдың?»-деп сұрады ол.Балташы оған бар оқиғаны бастан-аяқ айтып берді.Мұны естіп алған сараң балташы орманға қарай жүреді.Ол ағаш жанына келгенде:

-Тырс-тырс,ағып жатыр менен шырын,

Өмір қандай керемет…-деген сөздерді естейді.

Бұл сөздерді теңгелерге байланысты айтылған шығар деп ойлаған балташы тағы да бір бұтақты сындырып алады.Сол бойда ағаш бұтақтары қатыгез балташы үстіне қара майды төгіп жібереді.

Бұл қара майдан зұлым балташы қозғала алмай қатып қалады.Осы күйде ол үш күн,әрбір сындырған бұтағы үшін тұрды.

Үш күннен соң қара май жібіп,байғұс балташы қозғалып,жүре бастайды.Содан бері балташы өсіп тұрған ағаштың бірде-бір бүтағын сындырмайтын болды.Бұл оған үлкен сабақ болды.

   Сұрақтар:

-Қалай ойлайсыңдар,кедей балташыға не үшін ағаштар алтын,күміс теңгелерді сыйлады?

-Ал,екінші балташы қайтіп жаза тартты?

-Ол бұл әрекетінен қандай сабақ алды?

Міне балалар,ешқашанда айнала қоршаған ортаға,адамдарға жамандық  жасамау керек екен.

   Ойнайық.

Ойын: «Қалің қалай?»

Тәрбиеші балаларға сұрақ берді.Балалар жауапты қимылмен көрсетеді.

Қалің қалай?(үлкен саусақпен көрсетеді)Міне былай!

Қалай жүресің?Қалай жүзесің?Қалай қоштасасың?

Қалай жүгіресің?Қалай тамақ ішесің?Қалай ұйықтайсың?

Қайтіп тентек боласың?Қалай мазақтайсың?

  Қорытынды.

Балалар,шын мәнінде мейірімді болу өте қиын.Мейірімділік жолы өте қиын да ұзақ жол.Әрбір адамның,үлкен болсын,кіші болсын мейірімділікке апаратын өз жолы бар.Сондықтан да кезден-ақ қайырымдылықты қажет ететін адамдар көп.Тек қана мейірімді жүрек көмекке келе алады.Әрқашанда адамдарға,табиғатқа,жан-жануарларға,құстарға мейірімді болайық,жақсылық жасайық!

   Шығармашылық жұмыс.

Балалар,адамдар мейірімді екенін қайдан білеміз?Оның адамға деген ісінен,бет әлпетінен,адамға деген көңілінен білеміз.Ендеше сендерге тапсырма бергім келіп тұр.Қағаз бетіне мейірімді адамның бет-бейнесін салыңдар.

Жүректен-жүрекке шеңбері.

Балалар,сендерді «Жүректен-жүрекке»деп аталатын тамаша шеңберге шақырамын.Сендер адамдар шеңберге тұрғанды неліктен жақсы көреді деп ойлайсыңдар?(Балалардың жауаптары)Шеңбердің бір жақсы жері-онда бұрыш болмайды,сондықтан да Бақыт,Қуаныш,Махаббат,Достық адасып қалмайды.Олар міндетті түрде өздерін күткен барлық мейірімді адамдарға келеді.Қолымыздан ұстасамыз.Бір-бірімізге күлімдей қараймыз.Өзімізде мейірімді,қамқор болуға тырысамыз.Ал енді бір-бірімізге шын жүректен былай деп жыр салайық:

Бар әлемге жақсылық жаса,

Басқалар қуансын деп жақсылық жаса!

Құрметті қонақтар,балалар сіздерге сондай жақсы сөздермен қатар кішкене жүрекшені сыйлайды.

Күн:Ал балалар,менде сіздерге сыйлық дайындап әкелдім.Жүректерің үлкен,адамгершілігі мол,қайырымды адам,азамат болып өсіңдер.

Балалар,сабағымызды бір-бірімізге,бүгінгі күнге,жақын туыстарымызға,мейірімді сөздерге,ойындаға,әндерге,жалпы әлемге рахмет айтамыз!

Ризашылық әні:

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге.

Ризамын,ризамын,ризамын бүгінге,

Ризамын,ризамын,ризамын қазірге»

Балалар,рахмет!Сау болыңдар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

× Whatsapp-та хабарласыңыз!